Венесуэладағы зілзала құрбандары 5 мың адамға жақындады

Венесуэла Ұлттық ассамблеясының төрағасы Хорхе Родригес 16 шілдеде кешке зілзала зардаптары туралы тың мәлімет жариялады. Ресми дерек бойынша, 25 маусымдағы жойқын зілзаладан 4 930 адам қаза тапқан.
Парламент басшысының айтуынша, тағы 16 740 адам жараланған. 6 462 адам құтқарылған. Шамамен 18 мыңға жуық адам баспанасыз қалса, елдегі 107 лагерьде 21 мыңнан астам адам тұрып жатыр. 35 мыңнан астам адам ем қабылдаған.
128,3 мың отбасыға көмек көрсетіліп, 10 мың тоннадан астам азық-түлік үлестірілген.
Құтқару жұмыстарына 31 мыңға жуық адам жұмылдырылды. Венесуэлада 2,2 мыңнан астам халықаралық құтқарушылар жүр. 31,7 мыңнан астам ерікті бар.
Билік зілзаладан 856 ғимарат зақымданып, 190-ы қирап қалғанын хабарлады.
25 маусымдағы қуаты 7,5 балдық зілзаладан кейін елде тағы 1 308 жер сілкінісі тіркелген.
Ресми билік зілзаладан із-түссіз жоғалғандар туралы мәлімет таратпай отыр. Каракас мұндай ақпарат алыпқашпа әңгімелер мен қисынсыз болжамдар туғызады деп есептейді.
Естеріңізге сала кетейік, 25 маусымда таңертең Венесуэлада екі жойқын зілзала болды. Шетелден мыңдаған құтқарушы осы елге көмектесуге барды. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жер сілкінісінен зардап шеккен елдің халқына көңіл айтты.