
Актриса Меруерт Өтекешова «Қыз Жібек» камзолы қайтадан өз қолына тигенін айтты.
«56 жыл өтті. Осы камзолды Баян Мақсатқызының маған бергеніне разымын. Міндетті түрде камзолды Астананың үлкен музейіне тапсырамын», – деген Өтекешова.
Бұған дейін продюсер Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға сыйлаған пәтерін көрсетіп, шашу шашты.
Алагөзова осыдан екі ай бұрын Өтекешоваға пәтер сыйлауға уәде берген. Мұның бәрі «Қыз Жібек» камзолынан басталды. 17 сәуірде Баян Алагөзова Қыз Жібек қамзолын киіп, баға жетпес жәдігерді сыйға алғанын желіде жариялады. Артынша-ақ Мәдениет және ақпарат министрлігі реквизиттің жеке қолға қалай өткенін тексеретінін мәлімдеді.