Әлем чемпионаты: Англия Францияны жеңіп, қола жүлдегер атанды

Футболдан Әлем чемпионатының 3-орыны үшін өткен матч жанкүйерлердің есінде ұзақ сақталатын тарихи кездесуге айналды. Франция мен Англия құрамалары жасыл алаңда голдар шоуын көрсетіп, ойын 4:6 есебімен ағылшындардың пайдасына аяқталды.
1-тайм: Англияның басымдығы
Ойын басталған сәттен-ақ Англия құрамасы тізгінді қолдарына алды. Матчтың алғашқы минуттарында-ақ Райс есеп ашса, артынша Э. Конса мен Б. Сака (дубль) франциялықтардың қақпасына бірінен соң бірі гол тоғытты. Бірінші тайм 0:4 есебімен аяқталып, Франция нокаутқа түскендей көрінді.
2-тайм: Мбаппенің камбэгі және соңғы нүкте
Екінші таймда Франция құрамасы қателіктермен жұмыс істеп, алаңға жаңа күшпен шықты.. Мбаппе көшбасшылық қасиетін көрсетіп, екі гол соқты, ал Б. Барколя тағы бір голмен есеп айырмасын 3:4-ке дейін қысқартып, Францияға үміт сыйлағандай болды.
Алайда, Англия бұл қысымға төтеп бере алды. Б. Сака 87-минутта пенальтиді сәтті орындап, хет-трик авторы атанды. Ойынның соңғы минуттарында У. Дембеле Франция сапында есепті 4:5 қылғанымен, төреші қосқан қосымша уақытта (90+8′) Дж. Беллингхем матчтың соңғы нүктесін қойды – 4:6!
Франция соңына дейін күресіп, мінез көрсеткенімен, бірінші таймдағы Англияның басымдығы матч тағдырын шешіп кетті. Англия құрамасы Әлем чемпионатының қола жүлдесіне ие болды.