Әлем чемпионатының финалы: Испания мен Аргентина бас жүлдені сарапқа салады

АҚШ-тың Ист-Ратерфорд қаласында футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының ең басты кездесуі өтеді. Шілденің 19-нан 20-на қараған түні жанкүйерлер асыға күткен финалдық матчта Испания мен Аргентина құрамалары кездеседі.
Дүбірлі доданың шешуші ойыны Қазақстан уақытымен түнгі 00:00-де басталады. Отандық футбол сүйер қауым тарихи кездесуді «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде тамашалай алады.
Финалға дейінгі жол
Екі құрама да бас жүлдеге жету үшін плей-офф кезеңінде тартысты ойындар өткізді:
Испания құрамасы плей-оффты Австрияны ірі есеппен (3:0) жеңіс жолын бастады. Кейін Португалияны (1:0) және Бельгияны (2:1) қапы қалдырды. Ал жартылай финалда турнирдің басты фавориті саналған Франция құрамасын (2:0) жарыс жолынан шығарып, финалға сенімді түрде өтті.
Аргентина болса Лионель Скалонидің жетекшілігімен бірнеше қиын жеңіске қол жеткізді. Олар финалға дейінгі жолда Кабо-Верде (қосымша уақытта 3:2), Египет (3:2), Швейцария (қосымша уақытта 3:1) және Англия (2:1) құрамаларынан басым түсті.
Бүгінгі түнде екі құраманың қайсысы әлемнің жаңа чемпионы атанатыны белгілі болады.
Сондай-ақ, финалда Аргентина сапында Лионель Месси гол соғып, жеңіске жеті үшін барын салады. Себебі күні кеше ғана Киллиан Мбаппе Франция сапында екі гол соғып, әлем чемпионатының тарихында Мессиді басып озып, үздік сұрмерген атанды. Енді Мессиге қайта бірінші орынға шығу үшін, бүгінгі ойында кемі екі гол соғу керек.