Чемпиондар лигасы: «Қайрат» «Омониядан» өтсе, кіммен кездеседі

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
фото: uefa.com

Алматылық «Қайраттың» УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі ықтимал қарсыласы анықталды.

Рафаэль Уразбахтин шәкірттері екінші кезеңде Кипрдің «Омония» клубын ұтқан жағдайда, келесі кезеңде «Левски» (Болгария) – «Университатя Крайова» (Румыния) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Алдағы матчтар кестесі

Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында «Қайрат» кипрлік Омония командасымен кездеседі. Алғашқы ойын 22 шілде күні Никосияда өтеді. Матч Қазақстан уақытымен сағат 22:00-де басталады. Ал қарымта ойын 29 шілдеде Алматының Орталық стадионында өтеді.

Еске сала кетейік, еурокубоктың алғашқы іріктеу кезеңінде алматылық ұжым Черногорияның «Сутьеска» клубынан айласын асырған болатын.

Жеңілген жағдайдағы «В нұсқасы»

Егер «Қайрат» екінші кезеңде кипрлік «Омонияға» есе жіберіп алса, еурокубоктық сапарын Еуропа лигасында жалғастырады. Ондай жағдайда алматылық клуб «Мьельбю» (Швеция) – «Линкольн Ред Импс» (Гибралтар) текетіресінде жеңіліс тапқан командамен кездесетін болады.

Сондай-ақ оқыңыз