Қазақстан экономикасындағы ауыл шаруашылығының үлесі әлі де төмен

Жарияланды 20 Шілде 2026 11:26

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
Ауыл шаруашылығының үлесі әлі де төмен деңгейде / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

2026 жылдың алғашқы алты айында ауыл, орман және балық шаруашылығы 4,4%-ға өсті. Бұл жалпы экономиканың өсімінен (4,1%) сәл жоғары көрсеткіш. Дегенмен саланың ЖІӨ өсіміне қосқан үлесі әзірге небәрі 0,1 пайыздық тармақ болды.

Ақшалай есептегенде саланың жалпы өнімі 2,2 трлн теңгеге жетті. Бірақ мұнда бір ерекшелік бар: бірінші жартыжылдықтағы ауыл шаруашылығы өнімінің 95%-ға жуығы мал шаруашылығының үлесіне тиесілі. Ал егін шаруашылығының негізгі нәтижесі күзде, астық жиналғаннан кейін ғана статистикада анық көрінеді.

Қазір өңірлер арасында Түркістан облысы көш бастап тұр. Одан кейін Алматы және Ақмола облыстары орналасқан. Алайда жыл соңына қарай бұл рейтинг өзгеруі мүмкін. Себебі Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола сияқты астықты өңірлердің негізгі көрсеткіштері егін жиналғаннан кейін айтарлықтай өседі.

Қысқасы, ауыл шаруашылығы экономикадан жылдамырақ өсіп келеді. Бірақ бірінші жартыжылдықтағы нәтижені негізінен мал шаруашылығы қалыптастырып отыр. Ал саланың толық әлеуеті күзгі егін науқаны аяқталғаннан кейін ғана анық байқалады.

2026 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстанның ЖІӨ-сі жыл басынан бері 4,1%-ға өсті.

Сондай-ақ оқыңыз