Тоқаев Испания Королін Әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Испания чемпионат мира по футболу
REUTERS/Dylan Martinez, бильд-редактор: Дастан Шанай

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Испания Королі VI Фелипе мен барша испан халқын Испания ұлттық құрамасының футболдан әлем біріншілігіндегі жарқын жеңісімен және екі дүркін әлем чемпионы атануымен құттықтады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Жеделхатта президент «Фурия Роханың» әлемдік додадағы үстемдігіне жоғары баға берді.

«Ұлттық құрамаңыздың жоғары шеберлігі, үйлесімді командалық ойыны және жеңіске деген жігері миллиондаған жанкүйерді тәнті етті. Испанияның жаһандық деңгейде мойындалған футболдан озық тәжірибесі баршаға үлгі», – деп атап өтті Президент.

Спорттағы серіктестік пен жаңа академия

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы спорттық байланыстардың жаңа деңгейге көтерілгенін тілге тиек етті. Биыл Қазақстан аумағында әйгілі «Атлетико Мадрид» футбол академиясының ресми түрде ашылуын ерекше қуанышпен атап өтті.

Президент бұл маңызды бастаманың халықтар арасындағы достық пен сан қырлы ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ жастар арасындағы спорттық байланыстарды тереңдетуге зор серпін береріне кәміл сенетінін жеткізді.

Құттықтау хатының соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Фелипенің ел мүддесіне бағытталған игі бастамаларына сәттілік тілеп, достас испан халқына бақ-береке мен өркендеу тіледі.

Оқи отырыңыз: 120 минутқа созылған ойында Испания Аргентинаны жеңіп, Әлем чемпионы атанды.

Сондай-ақ оқыңыз