Қазақстанда дәрігерлер өңірлердің қажеттілігіне қарай даярланады

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Фото: kursiv.media, Асқар Ахметуллин

Қазақстанда қай өңірге қанша дәрігер қажет екенін алдын ала анықтап, мамандар даярлау жүйесін өзгерту жоспарланып отыр. Денсаулық сақтау министрлігі жаңа тәсіл әзірледі. Ол арқылы дәрігер тапшылығы бар аймақтарды анықтап, медициналық кадрларды өңір қажеттілігіне қарай бөлу көзделген.

Жаңа жүйе қалай жұмыс істейді

Министрліктің мәліметінше, енді медицина мамандарын даярлау кезінде тек жалпы көрсеткіштер емес, әр өңірдің нақты қажеттілігі ескеріледі.

Жоспарлау барысында:

  • халық саны;
  • ауру түрлерінің құрылымы;
  • медицина ұйымдарының кадрмен қамтылуы;
  • аурухана мен емхана желісінің дамуы;
  • денсаулық сақтау саласының болашақтағы өзгерістері туралы болжамдар назарға алынады.

Қай бағытта қанша маман қажет екені есептеледі

Жаңа ережелер бойынша денсаулық сақтау жүйесіне қажетті дәрігерлер саны алдын ала болжанады. Сондай-ақ қай өңірде маман тапшылығы бар екені немесе керісінше кадр саны жеткілікті екені анықталады.

Құжатта:

  • медициналық мамандарға қажеттілікті болжау;
  • кадр тапшылығы немесе артықтығы бар өңірлерді анықтау;
  • медицина бағыттары бойынша оқу орындарындағы қажетті орын санын есептеу;
  • облыстар мен қалалардың сұранысына қарай мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру;
  • медицина ұйымдарының мамандармен қамтылуын тұрақты бақылау қарастырылған.

Жаңа ережелерді қоғам талқысына ұсынылды. Жоба 3 тамызға дейін ашық талқылауда болады.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызмет жарнамасына қойылатын талаптарды өзгерту жөнінде ұсыныс жасаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз