«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына жаңа басшы тағайындалды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
«Қазақстан темір жолына» жаңа басшы тағайындалды / Фото: SAMRUK-KAZYNA official

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына жаңа басшы келді. «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен Елжас Отыншиев компанияның Басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды.

Елжас Мұратұлы Отыншиев Мәскеу физика-техникалық институтының «Жалпы және қолданбалы физика» мамандығы бойынша бакалавриат және магистратура бағдарламаларын тәмамдаған.

Еңбек жолы

Ол еңбек жолын 2007 жылы Мәскеудегі Ernst & Young компаниясында бизнесті бағалау және мәмілелерді сүйемелдеу департаментінің консультанты ретінде бастаған.

2009–2019 жылдары «Самұрық-Қазына» қоры мен оның еншілес ұйымдарында түрлі қызметтер атқарды.

2021–2023 жылдары KIDF ұйымында басшылық қызметтер атқарып, инвестициялық портфельді басқару бағытына жетекшілік етті.

«Самұрық-Қазынадағы» соңғы қызметі

2023 жылдың сәуір айынан бастап Елжас Отыншиев «Самұрық-Қазына» АҚ Стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры – Басқарма мүшесі қызметін атқарды.

Бұл лауазымда ол қордың мұнай-газ, теміржол, тау-кен және басқа да салалардағы портфельдік компанияларын басқаруға жауапты болды.

Сондай-ақ 2024 жылдың ақпан айынан бастап «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болды.

2023 жылы Елжас Отыншиев ҚР мемлекеттік наградасы – «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

8 шілдеде ҚТЖ басшылығынан Талғат Алдыбергеновтің кеткені мәлім болған. Ұлттық компаниядағы ауыс-түйіс туралы ресми мәліметті «Самұрық-Қазына» қоры таратқан.

Осыдан соң ҚТЖ Басқарма төрағасы міндетін Бауыржан Орынбасаров атқарады.

Сондай-ақ оқыңыз