АҚШ Иранға қатарынан он түн соққы жасады

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
Иранға соққы 10 түн қатарынан жалғасуда / фото: Crape Mark

АҚШ пен Иран арасындағы текетірес бәсеңдер емес. АҚШ әскері Иран аумағына кезекті әуе соққысын жасап, операция шамамен бес сағатқа созылғанын хабарлады. Бұл америкалық күштердің Иранға қатарынан оныншы түн шабуыл жасауы.

АҚШ Орталық қолбасшылығының мәліметінше, соққы Иранның әскери басқару орталықтарына, зымырандар мен дрондарды ұшыру алаңдарына, әуе қорғанысы жүйелеріне және теңіздегі әскери инфрақұрылымына бағытталған.

Вашингтон операцияның басты мақсаты Иранның Ормұз бұғазы арқылы өтетін коммерциялық кемелерге шабуыл жасау мүмкіндігін әлсірету екенін мәлімдеді. Алайда әзірге бұғаздағы жағдай тұрақталған жоқ. 21 шілде күні таңертең Ормұзда тағы бір танкерге шабуыл жасалып, экипаж кемені тастап шығуға мәжбүр болған.

Ормұз бұғазы әлемдік мұнай тасымалы үшін аса маңызды бағыт саналады. Сондықтан аймақтағы әрбір жаңа соққы мұнай бағасына бірден әсер етіп жатыр. Сейсенбі күні Brent маркалы мұнай барреліне 88 доллардан жоғары саудаланды.

Қазір тараптар бір жағынан әскери қысымды күшейтіп жатса, екінші жағынан араағайын елдер келіссөзді қайта бастауға тырысып жатыр. Бірақ әзірге жағдай бітімге емес, қақтығыстың одан әрі ушығуына қарай бет алғандай.

Тағы да оқыңыз: АҚШ-тың мұнай қоры 40 жылда болмаған деңгейге түсті.

Сондай-ақ оқыңыз