Астанадағы түнгі клубта атыс шығарған ер адам сотталды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Сот
Астанадағы түнгі клубта атыс шығарған ер адам сотталды / фото: KursivMedia

Астана тұрғыны қаладағы түнгі клубтардың бірінде атыс шығарғаны үшін сотталды, деп хабарлады елорда прокуратурасы.

Сот ақпаратына сүйенсек, ер адам алкогольдік ішімдік пен күлкі газы толтырылған шарларды қолданғаннан кейін мекемедегі басқа келушілерге тиісе бастаған. Олардың бірі ескерту жасаған, содан кейін ер адамдар арасында жанжал туындаған.

«Бұған жауап ретінде сотталушы қоғамдық тәртіпті сақтауды ниет етпестен, көңіл көтеру мекемесінің ішінде өзімен бірге алып жүрген газ тапаншасын суырып алып, жәбірленушінің кеуде тұсына екі рет оқ атып, оған дене жарақатын салған. Осыдан кейін айыпталушы қылмыс орнынан бой тасалаған», – делінген хабарламада.

Сот отырысы барысында ол өз кінәсін толық мойындады. Сот ер адамды газ қаруын қолдана отырып бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 4 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сондай-ақ оқыңыз