Енді банк пен мекемелердің қоңыраулары экранда арнайы белгімен көрсетілмек

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
unsplash, бильд-редактор: Адэлина Мамедова
unsplash, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Қазақстанда банктерден, мемлекеттік органдар мен қызмет көрсететін компаниялардан түсетін ресми қоңырауларды ажырату жеңілдейді.

Енді ұялы телефон экранында арнайы белгімен көрсетіледі. Бұл жаңашылдық телефон алаяқтығымен күресу үшін енгізіліп, тамыз айының соңында жаңа заңмен бірге күшіне енеді.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиев мәлімдеді.

Оның айтуынша, қоңырауларды таңбалау азаматтарға ресми қоңырауды алаяқтардың қоңырауынан бірден ажыратуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар интернетке қолжетімділік, IP-телефония және транкингтік байланыс қызметтерін тек лицензиясы бар операторлар ғана көрсете алады.

Бұдан бөлек, қазақстандықтар байланыс операторлары жіберетін жарнамалық және ақпараттық хабарламалардан, сондай-ақ автоматты қоңыраулардан бас тарта алады.

Айта кететін жайт, Жасанды интеллект бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин ЖИ жіберген қателіктердің барлығына адамның өзі ғана жауапты екенін айтты.

Сондай-ақ оқыңыз