Шымкентте Нұрай Серікбайдың соты бастала салып кейінге қалды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Сот Шымкент қаласында өтіп жатыр/фото: Серікбай отбасының архиві

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасынан кейін қозғалған қылмыстық іс негізінде сот процесі басталды. 

Істі судья Саммидин Темиралиев қарап жатыр.

Алдын ала сот тыңдауында сотталушы Шерхан Аймаханның адвокаты қылмыстық істі алқабилердің қатысуынсыз қарауды сұрады. 

Ал Нұрай Серікбайдың отбасының адвокаты Аянхан Омаров сот процесінен БАҚ-та ақпарат жариялауға рұқсат беруді және тікелей эфирде көрсетуді сұрап отыр. Өтінішхатында адвокат бұл іске президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың назар аударғанын, осы мәселе бойынша Құрылтайға 100-ден астам өтініш түскенін айтып өтті. 

Судья сотталушының денсаулығына байланысты сот процесін кейінге қалдырды. Басты сот талқылауының қашан басталатыны әлі белгісіз.

Нұрай Серікбайдың қазасы

Шымкентте 2026 жылдың 11 қаңтары кешке 21 жастағы Нұрай Серікбайды танысы пышақтап, оқиға орнынан қашып кеткен. Күдікті арада екі күн өткенде ұсталды.

Оған Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айып тағылған. Олар:

  • 125-1-бап – «некеге тұруға мәжбүрлеу»;
  • 115-1-бап – «сталкинг»;
  • 99-баптың 2-бөлігі 5-тармағы  «аса қатыгездікпен адам өлтіру». 
Сондай-ақ оқыңыз