Тарақандар көтерілісі: Индира Гандидің немерелері жастар қозғалысына қосылды

Үндістанда Ұлттық жарамдылық және оқуға түсу тесті – NEET емтиханының жауаптары тарап кетуі елде толқу туғызды. Өздерін «тарақандар» деп атайтын жастар қозғалыс құрып, премьер-министр кеңсесіне қарай жылжыды.
«Тарақандар халық партиясы» (Cockroach Janta Party немесе CJP) деген атау биліктің елдегі жұмыссыз әрі наразы жастарды балағаттауынан туған саяси сатира.
Қазірдің өзінде тарақандар қозғалысы терең наразылық символына айналып үлгерді. Мәселен, сейсенбі күні жастар шеруін Рахул мен Приянка Гандилер бастады. Олар әйгілі үнді саясаткері Индира Гандидің немересі, ал Джавахарлал Нерудің шөбересі болып келеді. Бір топ адам премьер-министр Нарендра Модидің Нью-Делидегі резиденциясы алдында наразылық акциясын өткізді.

Үкімет мүшелерінің бірі наразы топтың алдына шығып, Конгресс белсендісі Рахул Гандимен сөйлескен. Келіссөз нәтижесі әзірге белгісіз.
«Жас студенттерге жасаған кешегі жауыздығы үшін жауап талап ету үшін премьер-министр Модидің үйіне қарай шерулеттік. Үкімет ешқандай жауапкершілік алғысы, парламентте осы мәселеге қатысты дебат өткізгісі келмейді», – деп жазды Рахул Ганди X әлеуметтік желісіне.
Ол премьер-министр мен ішкі істер министрінің қызметтен кетуін талап етті. Өйткені Ганди шенеуніктер Үндістан жастарының болашағын бұзды деп есептейді.
Айта кетейік, бір күн бұрын тарақандардың парламентке бара жатқан тобы – негізінен студенттер мен жастар полицияның қарсылығына тап болған. Күш өкілдері жастарды тоқпақтап, оларға көзден жас ағызатын газ шашқан. Тарақандар халық партиясы білім министрінің қызметтен кетуін талап етіп отыр.
पुलिस लाठीचार्ज का वीडियो CJP ने किया शेयर, लगाए गंभीर आरोप pic.twitter.com/anSwoyFaOf
— Royal Bulletin (@RoyalBulletin) July 20, 2026
Қақтығыстан бірнеше адамның жараланғаны айтылды. Полиция мәліметінше, жастарды тарату барысында 118 полицей жараланған. Олардың арасында аға офицерлер де бар.