Үндістанда ГЭС жарылып, тоғыз адам қаза тапты

Үндістанның солтүстік-шығысындағы Сикким штатында ГЭС жарылып, тоғыз адам қаза тапты. Тағы 15 жұмысшының үйінді астында қалғаны хабарланды.
Сикким штаты үкіметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 20 шілдеде түнде Самардунг, Джолунги ауылдары маңындағы ГЭС-те болған. Нысан Ұлттық гидроэлектрлік энергетикалық корпорациясына (NHPC) тиесілі.
Бастапқыда штат билігі гидрожобаның ADIT-3 тоннелінің ішінде жалпы саны 25 жұмысшы, соның ішінде лауазымды тұлғалары қалып қойғанын хабарлаған. Сейсенбі күні тоғыз адам қаза тапқаны, тағы 15 жұмысшы үйінді астынан әлі шығарылмағаны мәлім болды.
«Апатқа табиғи газдың жарылуы себеп болуы мүмкін. Нақты айта алмаймыз. Тоғыз адамның мәйіті табылды. Олар күйіп соған кеткен. Соған қарағанда, жарылыс болғанға ұқсайды», – дейді құтқарушылар басқармасының өкілі Раджив Рока Reuters агенттігіне.

Гидронысан Тиста өзені бойында салынып жатқан. Оқиға орнында құтқарушылар, екі батальон жұмыс істеп жатыр.