Lifestyle

ALEM мен ACE Алматыда тегін концертте өнер көрсетеді

фото: instagram

Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан ALMATY SUMMER FEST фестивалі қала тұрғындары мен қонақтарына кезекті музыкалық кеш сыйламақ. Бұл жолғы ауқымды шарада «Ninety One» тобының мүшелері ALEM мен ACE бастаған танымал өнерпаздар сахнаға шығады.

Апта сайын мыңдаған көрерменнің басын қосатын дәстүрлі фестиваль заманауи эстрада жұлдыздары мен жаңа буынның жарқын есімдерін бір алаңда тоғыстырмақ.

Фестиваль сахнасында Alem мен ACE-тен бөлек те, белгілі орындаушылар өнер көрсетеді. Олардың ішінде: Ақбота Керімбекова, Балжан Бидаш, Абзал Утешов, «404» тобы, ALI Otenov, Индира Елубаева, Nurassyl Satybaldy, Динара Кемелхан, Zhanarym, Nurlat Izmakhan, Ескендір Нұрсұлтан, Дидар Төлеген.

Музыкалық кештің жүргізушілері: Елдар Отарбаев және Балауса Ерғалина.

Концерт 25 шілде күні «Алатау» дәстүрлі өнер театрының алдындағы сағат 18:00 де басталады. Концертке кіру тегін.