«Ішкен, дөңгелегі жарылған»: 66 жастағы тұрғынның көлігі жанып кетті

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
shutterstock, бильд-редактор: Милош Муратовский
shutterstock, бильд-редактор: Милош Муратовский

Өскеменде ішіп алып, жарылған дөңгелекпен қарсы жолаққа шығып кеткен 66 жастағы тұрғын сот алдына келді.

Үk-news  ақпаратына қарағанда, аузынан ішімдік исі шығып тұрса да, ол медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан.

Өскемен қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соты азамат Ж.-ға қатысты істі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 613-бабының 1-бөлігі («Мас күйін анықтау үшін медициналық куәландырудан өтуден бас тарту») бойынша қарады.

Көлік қарсы жолаққа шығып, кейін өртенген

Сот мәліметінше, 2 шілде күні жүргізуші Hyundai Creta көлігімен Есенберлин даңғылы бойымен Меновное бағытына қарай келе жатқан. Көліктің бір дөңгелегі жарылғанына қарамастан, ол қозғалысын жалғастырған.

Салдарынан көлік қарсы бағыттағы жолаққа шығып кеткен. Бұл сәт бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Полиция қызметкерлері көлікті анықтаған кезде, Hyundai өртеніп жатқан.

Медициналық тексеруден бас тартқан

Соттың хабарлауынша, полицейлер жүргізушіден алкогольдің иісі шыққандықтан оны медициналық куәландырудан өтуді ұсынған.

Алайда азамат медициналық мекемеге барғанымен, полиция қызметкерінің заңды талабын орындаудан бас тартқан.

Сот шешімі

Сот жүргізушіні кінәлі деп танып, 8 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырды.

Әкімшілік қамауға алу жазасы қолданылған жоқ. Себебі іс қаралған кезде жүргізуші 66 жасқа толған. Қазақстан заңнамасына сәйкес, бұл жастағы адамдарға әкімшілік қамау тағайындалмайды.

Айта кететін жайт, енді 65 жастан асқан жүргізушілер мен мүгедектігі бар жүргізушілер екі жылда бір рет міндетті медициналық тексеруден өтуі қажет. 

Сондай-ақ оқыңыз