Қанша қазақстандық қайтыс болғаннан кейін донор атануға келісім берген

Жарияланды 22 Шілде 2026 12:19

Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General news бөлімінің аға журналисі a.taubay@kursiv.media
156 мың адам бас тартқан/Фото: Нұрсұлтан Жорабаев

Елде 172 мыңнан аса адам eGov порталы арқылы қайтыс болғаннан кейін ағза донорлығына қатысты ұстанымын ресми түрде тіркеген. Ішінде 16 109 адам келісім берсе, 156 174 азамат бас тартқан. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады

2026 жылдың 21 мамырындағы жағдай бойынша ағзаны трансплантаттау кезегінде 4 739 пациент, оның ішінде 125 бала тұр. Оның ішінде 4 208 адамға бүйрек, 293 адамға бауыр, 208 адамға жүрек, 30 адамға өкпе, ал 5 пациентке «жүрек-өкпе» трансплантаттау қажет.

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында елде 150 ағзаны трансплантаттау орындалды. Оның ішінде 108 бүйрек, 31 бауыр, 5 жүрек, 2 өкпе және 4 мөлдір қабықты трансплантаттау жүргізілді. Тірі донорлардан 121 трансплантаттау, ал қайтыс болғаннан кейінгі донорлардан 29 трансплантаттау жүзеге асырылды. 

Айта кетейік, тірі донордан алынған ағза донордың жақын туысына ғана салынады. Оны «туыс донор» деп айтады. Ал мәйіттен алынған ағза күту парағында тұрғандарға салынады. Елде трансплантация бағдарламасы 2012 жылы басталған.

Сондай-ақ оқыңыз