«Семей орманының» тағы екі жерінде өрт шықты

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
"Семей орманы" резерваты өртенді
фото: Экология министрлігі

22 шілдеде «Семей орманы» аумағында тағы екі өрт тіркелді. Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, орман қорында оттың тұтануына найзағай себеп болған.

Өрт ошақтары әуедегі бақылау барысында ерте анықталған. Орман қызметкерлері мен десантшылар өртті тез арада оқшаулады.

«Үйлесімді іс-қимыл арқасында барлық қажетті техника жұмылдырылып, жайылып үлгермеген өрт дереу сөндірілді. Аймаққа қауіп төнген жоқ», – деп хабарлайды министрлігі.

Экологтар өрт шығу қаупі жоғары аумақтарда, жалпы табиғат аясында демалушыларға қауіпсіздік пен тазалықты қатаң сақтауға кеңес береді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Семей орманы» аумағы бірнеше күн бойы өртенген. Содан кейін Экология және табиғи ресурстар министрлігі қызметтік тексеру жүргізе бастаған.

Сондай-ақ оқыңыз