Шымкент полиция басқармасының бастығы алты жылға сотталды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Шымкент полиция басқармасының бастығы алты жылға сотталды / Фото: Шымкент полициясы

Аудандық полиция басқармасының бұрынғы бастығы Батыр Мырзагелдиев алты жылға бас бостандығынан айырылды. Іс бойынша оның сыбайласы да сотталды.

Шымкенттің қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының бұрынғы бастығы Батыр Мырзакелдиев пен оның сыбайласы Бекмұратовқа қатысты үкім шығарды.

Мырзагелдиев алаяқтық және сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша айыпты деп танылды. Оған алты жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот Бекмұратовты сыбайлас деп танып, үш жарым жылға бас бостандығынан айыруға үкім кесті. Сонымен қатар, Мырзагелдиев полиция полковнигі арнайы шенінен және мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқарудың өмір бойғы құқығынан айырылды.

ҰҚК-нің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің қызметкерлері Мырзагелдиевті 2025 жылдың желтоқсанында 15 миллион теңге алу үстінде қылмыс үстінде ұстаған.

Сондай-ақ оқыңыз