Таиландтан есірткі жеткізбек болған бойжеткен 16 жылға сотталды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Сот заңдык күшіне енді/Фото: shutterstock

Алматыда Таиландтан ірі көлемде есірткі тасымалдамақ болған 22 жастағы қазақстандық бойжеткен 16 жылға бас бостандығынан айырылды.

Соты оны аса ірі мөлшердегі есірткі заттары контрабандасы және заңсыз айналымы үшін кінәлі деп тапты.

Бойжеткен ақшалай сыйақы үшін Қазақстанға жалпы салмағы 8,8 килограмм каннабис сығындысы салынған екі чемоданды жеткізуге келіскен. Ол Алматы әуежайына ұшып келген бойда бірден ұсталды.

Үкім заңды күшіне енді.

Прокуратура әлеуметтік желілерде таралатын «оңай табыс» пен тегін саяхат туралы ұсыныстар жиі халықаралық есірткі схемаларының бір бөлігі екенін еске салды.

Бұған дейін елде есірткіге қарсы ауқымды операция кезінде 550 келіге жуық есірткі тәркіленді. ІІМ мәліметінше, қызметтік иттердің көмегімен 90 есірткі қылмысының жолы кесіліп, есірткінің заңсыз айналымға түсуіне тосқауыл қойылған.

Сондай-ақ оқыңыз