Тамыздағы ҰБТ-ға өтініш қабылдау қашан басталады

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Тамыздағы ҰБТ-ға өтініш қабылдау қашан басталады / Фото: Shutterstock

Тамыз айындағы ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 25 шілдеде басталып, 5 тамызды қоса алғанға дейін жалғасады, деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігі.

Тіркеуді сайтта немесе UTO.kz мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асыруға болады. Өтініш беру кезінде қатысушылар тестілеу пунктін, күні мен уақытын өздері таңдайды.

Тамыз айындағы ҰБТ тестілеуді қайта тапсырып, жоғары оқу орнына ақылы негізде түскісі келетін талапкерлерге арналған. Алдыңғы емтиханға қатысушылар бейіндік пәндердің комбинациясын да өзгерте алады.

Тестілеуге кімдер өтініш береді:

  • мектептер мен колледждердің ағымдағы және өткен жылдардағы түлектері;
  • қандастар;
  • шетелде орта білім алған Қазақстан азаматтары;
  • шығармашылық білім беру бағдарламаларынан басқа дайындық бағыттарына ауысқысы келетін немесе педагогикалық мамандықтарға түскісі келетін студенттер;
  • ақылы оқуға қабылданған, бірақ өткен оқу жылында шекті балл жинай алмаған студенттер.

Жоғары оқу орнында өз мамандығы бойынша ақылы негізде оқуын жалғастыруды жоспарлап отырған колледж түлектеріне ҰБТ тапсыру қажет емес. Олар жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары өткізетін әңгімелесу қорытындысы бойынша оқуға түсе алады.

Kursiv.Media бұған дейін ауылдағы орта мектепті бітірген Альфия Балханның ҰБТ-да 140 балл жинағаны туралы жазған

Сондай-ақ оқыңыз