Экономика

Қазақтың CPC Blend маркалы мұнайының бағасы 92 долларға жетті

Мұнай бағасы күрт өсті / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

23 шілдедегі соңғы дерек бойынша Қазақстанның негізгі экспорттық мұнайы — CPC Blend барреліне 91,75 доллардан бағаланып отыр. Ал әлемдік эталон саналатын Brent мұнайының бағасы 98,59 долларға дейін көтерілді. Осылайша CPC Blend пен Brent арасындағы айырма шамамен 6,84 долларды құрады.

Мұнай бағасының күрт өсуіне Таяу Шығыстағы жағдайдың қайта шиеленісуі әсер етті. Йемендегі хуситтер Сауд Арабиясының екі мұнай танкеріне шабуыл жасағанын мәлімдеді.

Бұған қоса, Ормұз және Баб әл-Мандеб бұғаздары арқылы мұнай тасымалының бұзылу қаупі күшейді. Соның нәтижесінде Brent бір күнде 4,8%-ға қымбаттап, соңғы бір айдан астам уақыттағы ең жоғары деңгейге жетті.

CPC Blend бағасы да әлемдік нарықтағы өсімге ілесіп келеді. Дегенмен Қазақстанның мұнайы тасымалдау шығыны, сапалық айырмашылық және Қара теңіздегі экспорт тәуекелдеріне байланысты Brent-тен төмен бағаланып отыр.

CPC blend мұнай бағасы / OilPrice