
Каспий Құбыр консонциумының Қара теңіздегі терминалында Қазақстан мұнайын кемелерге тиеу қайта жанданды.
Бұл туралы Bloomberg кемелерді бақылау жүйесінің деректеріне сүйеніп хабарлайды.
Бұған дейін Украина дрондарының шабуылы салдарынан Новороссийск маңындағы инфрақұрылым жұмысы уақытша тоқтаған еді.
Басылым дерегіне сәйкес инфрақұрылымға жасалған шабуылдарға қарамастан, төрт танкер КҚК мұнайын тиеп үлгерген.
Бұған дейін Қазақстан Энергетика министрлігі тамыздың бірінен бастап терминалға күніне шамамен 100 мың тонна мұнай жөнелтіліп жатқанын мәлімдеген. Бұл шикізат резервуарларға құйылып жатыр.
Каспий құбыр консорциумы арқылы экспорталатын шикізат ағынының қалпына келуі жаһандық мұнай нарығына оң ықпал етпек.
Өйткені соңғы жарты жыл Таяу Шығыстағы АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыс салдарынан әлемдік нарық қысымда тұр.
ҚКҚ жүйесі Қазақстанның Chevron, ExxonMobil және Shell сынды ірі компаниялардың қатысуымен игеріліп жатқан ең ірі кен орындарынан мұнай тасымалдайды. Әдетте бұл құбыр арқылы әлемдік мұнай жеткізілімінің 2%-ға жуығы тасымалданады.