Көлік дүкенді қиратты: 15 жасар қыз зардап шекті

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Астанада көлік тұрғын үйдегі дүкенді қиратты / Фото: kursiv.media

Астанада Бөлекпаев көшесінің бойында автокөлік сауда павильонына соғылып, жасөспірім қыз зардап шекті, деп хабарлады елордалық полиция департаменті.

Полиция ақпаратына сүйенсек, дүкенге соғылған Hyundai Accent автокөлігінің рөлінде 18 жасар жүргізушісі болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, жүргізуші рөлге ие бола алмай, салдарынан көкөніс павильонына соғылған.

«Оқиға салдарынан сауда павильонының ішінде болған 15 жасар қыз зардап шекті. Ол медициналық мекемеге жеткізіліп, онда оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр», – делінген хабарламада.

Полиция тексеру жұмыстарын бастады.

Айта кетейік, осыған дейін Астанада жеңіл автокөлік Сарайшық ауданындағы А. Бөлекпаев көшесінде орналасқан тұрғын үйдің бірінші қабатында дүкенді қиратқаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз