Нұрай Серікбай ісі тікелей эфирде көрсетілмейтін болды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Нурай Серикбай
Нұрай Серікбай өліміне қатысты сот 28 шілдеде басталады

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасынан кейін қозғалған қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауы 28 шілдеде басталады. Бұл 23 шілдедегі алдын ала сот тыңдауында белгілі болды.

Сот отырысында жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаров қылмыстық істі тікелей эфирде көрсетуді сұрады. Айтуынша, қоғам осы істі әлеуметтік желі арқылы бақылап отыр. Ал тікелей эфирде өткізу азаматтардың сталкинг үшін қандай жаза қарастырылғанын білуіне мүмкіндік береді.

Ал айыпталушының адвокаттары істі тікелей эфирде көрсетуге қарсы шықты.

Істі қарап жатқан судья Саммидин Темиралиев БАҚ өкілдері сот ғимаратына келіп, сот отырысына қатыса алатынын айтты. Алайда іс тікелей эфирде көрсетілмейді.

Нұрай Серікбайдың қазасы

Шымкентте 2026 жылдың 11 қаңтары кешке 21 жастағы Нұрай Серікбайды танысы пышақтап, оқиға орнынан қашып кеткен. Күдікті арада екі күн өткенде ұсталды.

Оған Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айып тағылған. Олар:

  • 125-1-бап – «некеге тұруға мәжбүрлеу»;
  • 115-1-бап – «сталкинг»;
  • 99-баптың 2-бөлігі 5-тармағы  «аса қатыгездікпен адам өлтіру».  
Сондай-ақ оқыңыз