Өскеменде 1 тонна 311 литр алкоголь өнімдері тәркіленді

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Фото: KursivMedia мұрағаты

Өскеменде полиция жыл басынан бері алкоголь өнімдерін заңсыз сату бойынша 34 деректі анықтады.

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті хабарлауынша, осы уақыт ішінде заңсыз айналымнан 1 тонна 311 литр спиртті өнім тәркіледі.

Полицияның мәліметінше, заң бұзушылардың барлығы мемлекеттік тіркеусіз және қажетті рұқсат құжаттарынсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін жауапкершілікке тартылған.

«Заңсыз сауданың басым бөлігі Асқартау көшесінде тіркелген. Жыл басынан бері бұл аумақта 16 құқық бұзушылық анықталып, 1 тонна 272 литр алкоголь өнімі тәркіленген», – делінген ақпаратта.

Салыстырмалы түрде, 2025 жылы Өскеменде заңсыз алкоголь сатудың 21 дерегі анықталып, 825 литр, ал 2024 жылы 26 дерек бойынша 650,5 литр спиртті өнім тәркіленген.

Полиция мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында күн сайын рейд жүргізетінін атап өтті.

Ал Солтүстік Қазақстан облысында кәсіпкер алкоголь сату ережесін қайталап бұзғаны үшін жазаға тартылды. Ол өмір бойына алкоголь өнімдерін сату лицензиясынан айырылған.

Сондай-ақ оқыңыз