Орынбордан Алматыға тікелей рейс ашылады. Билет бағасы қанша

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Фото: UVT AERO

Ресейдің «ЮВТ АЭРО» әуе компаниясы 25 шілдеден бастап Орынбор – Алматы бағыты бойынша тұрақты тікелей рейстерді іске қосады.

Алғашқы рейс 25 шілде, сенбі күні орындалады. Ал тамыз айынан бастап ұшақтар бұл бағытта әр жексенбі сайын қатынайды. Рейстер 50 орындық Bombardier CRJ-200 ұшақтарымен жүзеге асырылады.

«Орынбор облысы мен көршілес өңірлер тұрғындарының Қазақстанға саяхаттауға деген тұрақты жоғары қызығушылығын байқап отырмыз. Алматы – тек ірі іскерлік орталық қана емес, сонымен қатар Орталық Азияның бірегей табиғаты мен мәдениетін бағалайтын туристерді тартатын орын», – деді компанияның бас директоры Петр Трубаев.

Бір бағытқа ұшу билетінің ең төменгі бағасы 17 026 рубльден (шамамен 101 мың теңге) басталады. Бұл тариф әуе тасымалдаушы ұсынатын стандартты қызметтер жиынтығын қамтиды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе қатынасын кеңейту бағытында бірқатар келіссөздер жүргізілген болатын. Соның аясында Астана – Шанхай бағыты бойынша тікелей рейс ашу мәселесі қарастырылып, оны іске қосу мүмкіндігі талқыланды.

Сондай-ақ оқыңыз