Алматы әуежайында жанжал шығарған екі ер адам рейстен шығарылды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
аэропорт Алматы
Алматы әуежайында жанжал шығарған екі ер адам рейстен шығарылды / Фото: shutterstock

Алматы әуежайында қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін екі ер адам Алматы – Астана рейсінен шығарылды. Көліктегі полиция департаментінің хабарлауынша, әуе компаниясы өкілдерінің актісі бойынша қоғамдық тәртіпті бұзған екі жолаушыны ұшуға жіберілмеді.

Тәртіп бұзушылар 37 жастағы Алматы тұрғыны және 26 жастағы Түркістан облысының тұрғыны болып шықты. Полиция мәліметінше, рейске тіркелу кезінде екеуі де мас күйде болған, ал ер адамдардың кішісі балағат сөздер айтқан.

«Құқық бұзушылардың біріне қатысты қоғамдық орында масаң күйде пайда болғаны үшін әкімшілік материал жасалды. Ол дәл осындай құқық бұзушылықты қайталап жасағандықтан, жиналған материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жолданды», – делінген хабарламада.

Екінші жолаушы бірден екі әкімшілік бап бойынша жауапкершілікке тартылды. Қоғамдық орнында масаң күйде пайда болғаны үшін оған 10 АЕК (43 250 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды, ал ұсақ бұзақылық үшін сот оған тағы 20 АЕК (86 500 теңге) айыппұл салды.

Сондай-ақ оқыңыз