Астанада бұрын күзетші болған адам 21 млн теңгенің кабелін ұрлап кеткен

Жарияланды
Күндізгі жаңалықтар редакторы
фото: polisia.kz

Астана полицейлері ірі көлемдегі ұрлық жасады деген күдікпен 31 жастағы елорда тұрғынын ұстады. Ол бұрын өзі күзетші болып жұмыс істеген нысаннан 21 миллион теңгенің электр кабелін жымқырып кеткен. Бұл туралы Polisia.kz. хабарлайды.

Күдікті нысанның құрылымын, күзет жүйесінің әлсіз тұстары мен бағалы мүліктердің қайда жатқанын бұрыннан жақсы білген. Осы мүмкіндікті пайдаланған ол аумаққа кедергісіз кіріп, электр кабельдерін жасырын түрде тасып әкеткен.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қылмыскердің ізіне түсіп, оны қолға түсірді.

Бір күн бұрын Ақтөбеде ер адамды таксиден күштеп шығарып, жүксалғышқа салып ұрлап кеткендер ұсталған. Оларға қатысты адам ұрлау бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыз