Экономика

Сауда ашыла сала, доллар 5 теңгеге қымбаттады

доллар қымбаттады / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

24 шілде, сағат 10:59 шамасындағы мәлімет бойынша KASE-де доллар бағамы 474,60 теңгеге көтерілді. Бұл алдыңғы сауда күнінің жабылу бағасынан 0,98% немесе шамамен 4,60 теңгеге жоғары.

Сауда барысында доллар 470,46-475,50 теңге аралығында өзгерді. Яғни сауда ашылғалы айырмашылық 5 теңгеден асты. Қазіргі баға күндік максимумнан небәрі 90 тиынға төмен. Долларды сатуға қойылған ең төменгі баға — 474,94 теңге.

Сауда көлемі 61,8 млн долларды құрады. Бағаның күндік максимумға жақын тұруы нарықта долларға сұраныс жоғары екенін және теңгеге қысым күшейгенін көрсетеді.

Kurs.kz деректері бойынша Алматыдағы таңғы орташа бағам:

  • долларды сатып алу — 474,60 теңге;
  • долларды сату — 477,90 теңге.

Айта кетейік, бүгін, 24 шілде күні Ұлттық банк базалық мөлшерлеменің кезекті шешімін шығармақ. Бұл теңге бағамына әсер етуші ішкі факторлардың бірі.