Миллиардер Айдын Рақымбаевтың компаниясы топ-менеджерлеріне 750 млн теңге төлеген

Жарияланды
Business news бөлімінің редакторы
Фото: kursiv.media архиві

Миллиардер Айдын Рақымбаевтың BI Development Ltd. компаниясы 2025 жылы топ-менеджерлеріне 750 млн теңге төлеген. Бұл туралы Қазақстан қор биржасына жолдаған хабарламасында жазылған.

Төленген қаражаттың жалпы сомасы 750 899 342 теңге болды. Бұл сомаға есепті кезеңде атқарушы орган мүшелерінің пайдасына жасалған барлық төлем, соның ішінде еңбекақы және ақшалай түрдегі барлық ынталандыру төлемі кіреді.

BI Development Ltd компаниясының негізгі құрылтайшысы – BI Group Ltd холдингі. Оның түпкілікті иесі белгілі кәсіпкер Айдын Рақымбаев. Бұл топ құрылыспен, жылжымайтын мүлікті басқарумен айналысады.

2025 жылы салық аударымы бойынша BI Group холдингі құрылыс компаниялары арасында көш бастаған. Холдинг бюджетке 90 млрд теңге салық төлеген. 

Сондай-ақ оқыңыз