Шымкентте полиция жол жөндеуші жұмысшының өліміне қатысты тергеу бастады

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
полиция
Шымкентте полиция жол жөндеуші жұмысшының өлімін зерттеуде / Фото: polisia.kz, бильд-редактор: Дастан Шанай

Шымкентте жол жөндеуші жұмысшының өліміне қатысты іс тергелуде. Бұл ақпаратты қалалық полиция департаменті растады.

Ақпаратқа сүйенсек, 54 жастағы ер адам жол айрығының құрылысы жұмыстары кезінде экскаватордың астына түсіп қалған. Ол ауруханаға жеткізілгенімен, алған жарақаттары өмірмен үйлесімсіз болып шықты.

Полиция абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу іс-шараларының кешені жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижелері бойынша заңнамаға сәйкес іс жүргізу шешімі қабылданады», – делінген полиция хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, 20 шілдеде Павлодар облысында «Aqtogai Milk» ЖШС сүт фермасында қайғылы оқиға болды. Кәріз құдығында жеті жұмысшы электр сорғышындағы ақауды жойып жатып, уланып қалған. Жазатайым оқиға салдарынан алты адам қаза тапты. Аман қалған 38 жастағы ер адам ауруханаға жатқызылды.

Сондай-ақ оқыңыз