Тоқаев Омбыдағы Қазақстан–Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады
Жарияланды

Бүгін, 25 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен Омбы қаласына жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.
Президент Қазақстан мен Ресейдің XXII Өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады.
Іс-шара аясында екі ел президенттерінің кездесуі жоспарланған.
Еске сала кетейік, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин 27 мамырда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген еді. Сапар аясында Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық байланыстардың қазіргі ахуалы және оны одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.