Тоқаев Путиннің шақыруымен Омбыға барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен жұмыс сапарымен Омбы қаласына барды. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресейдің XXII Өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады.
Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің кездесуі жоспарланған. Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін және екі ел өңірлері арасындағы өзара іс-қимылды талқылайды деп күтілуде.

Омбы әуежайында Тоқаевты Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының орынбасары Алексей Оверчук, Омбы облысының губернаторы Виталий Хоценко және басқа да лауазымды тұлғалар қарсы алды.

Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастық форумы екі ел өңірлері арасындағы сауда-экономикалық және гуманитарлық байланыстарды дамытуға бағытталған негізгі алаңдардың бірі болып саналады. Дәстүрлі түрде бұл шараға мемлекеттік органдардың, бизнес өкілдерінің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысады.