Мен болмасам, Израиль болмас еді – Трамп

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Дональд Трамп
Фото: REUTERS/Daniel Heuer

АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің саясаты болмағанда, Израиль мемлекеті өмір сүруін тоқтатуы мүмкін еді деп мәлімдеді. Ол мұны Ақ үйде сөйлеген сөзінде жария етті.

«Егер мен бұл жерде болмасам, егер мен президент болмасам, Израиль де болмас еді және бәлкім, Таяу Шығыс та сақталмас еді. Иран күтпеген жерден бүкіл Таяу Шығыстағы елдерге оқ жаудыра бастаған кезде мұны көрдіңіздер. Егер Иранда ядролық қару болғанда, олар оны қолданар еді. Бәлкім, біз бүгін білетін Таяу Шығыс дәл қазіргі қалпында болмас еді, бірақ менің ойымша, ол жерде Израиль де болмас еді», – деді Трамп.

Трамп оның әкімшілігі қабылдаған шаралар Иранның Израильге қарсы жаппай шабуылға баруына кедергі болды деп санайтынын жеткізді.

Бұл Трамптың мұндай мәлімдемені алғаш жасауы емес. Ол бұған дейін де маусым айының басында осындай пікір білдіріп, Израиль қауіпсіздігін АҚШ-тың Иранға қатысты саясатымен байланыстырған болатын.

Айта кетейік, АҚШ-тың Иранмен соғысқа жұмсаған шығыны әзірге 37,5 млрд долларға жетті. Аталған сомаға осы уақытқа дейін жүргізілген әскери операциялармен бірге 30 қыркүйекке дейін күтілетін кейбір шығындар да кірген.

Сондай-ақ оқыңыз