«Бақыт құшағында»: Тұрсын Алагөзов бұрынғы әйелімен бірге шетелде демалып жүр ме

Жарияланды 27 Шілде 2026 12:25

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
фото: instagram

Соңғы күндері әлеуметтік желіде танымал кәсіпкер Тұрсын Алагөзовтің демалыста түскен суреттері қызу талқыланып жатыр. Желіде «кәсіпкер Тұрсын Алагөзов бұрынғы әйелімен татуласып, Түркияда демалып жатыр» деген ақпарат тарап, оқырмандар арасында түрлі қаңқу сөз тудырған еді.

Дегенмен жаңалық шындыққа жанаспайды. Әлеуметтік желі қолданушылары мен кейбір пабликтер суреттегі аруды кәсіпкердің бұрынғы жары Ләйсирамен шатастырып алған.

Суретте кімдер бар?

Тұрсын Алагөзовтің өзі жариялаған бейнежазбалар мен суреттерден оның жанында бұрынғы жұбайы емес, қызы Амина Алагөзова екенін аңғаруға болады. Кәсіпкердің алғашқы некесінен туған қызы Амина анасына (Ләйсираға) өте ұқсайтындықтан, желідегі жұртшылық оларды бірден айыра алмай, қате қорытынды жасаған.

Сонымен қатар отбасылық демалысқа Баян Алагөзованың тұңғышы Айсәуле Бақытбек те қосылған. Тұрсын Алагөзовтің парақшасында жарияланған кадрларда Амина мен Айсәуленің бір үстел басында шүйіркелесіп отырғанын көруге болады.

Желі қолданушыларының реакциясы

Желіде тараған бұл қате ақпараттан кейін көпшілік пікір білдіріп, шындықты анықтауға тырысты.

Бірі суреттегі бойжеткеннің Ләйсира емес, оның қызы Амина екенін бірден танып, пікір жазды. Екіншілері екі отбасының балаларының бір-бірімен тіл табысып, бірге демалып жүргеніне сүйсініп, жылы лебіздерін білдірді.

Қорыта айтқанда, Тұрсын Алагөзов демалысты өзінің туған қызы Амина мен және өгей қызы Айсәулемен бірге өткізіп жатыр.

Оқи отырыңыз: «Әкеме ренжімеймін»: Арсен Алагөзов әкесі Тұрсынмен қарым-қатынасы жайлы

Сондай-ақ оқыңыз