Бурабайда халықаралық Network City IT қалашығы пайда болуы мүмкін

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Бурабайда халықаралық Network City IT қалашығы пайда болуы мүмкін / Фото: Shutterstock

Ақмола облысының Бурабай курорттық аймағында әлемнің түкпір-түкпірінен IT-мамандар, кәсіпкерлер мен зерттеушілерді тартатын жаңа орталыққа айналатын Network City халықаралық технологиялық қалашығын құру жоспарланып отыр.

Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлауынша, жоба Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектеновтің Network School халықаралық қоғамдастығының негізін қалаушы – американдық кәсіпкер Баладжи Шринивасанмен кездесуінде талқыланды. Ол биотехнология, криптовалюта, жасанды интеллект және технологиялық кәсіпкерлік салаларында қызмет ететін Кремний алқабының ең ықпалды өкілдерінің бірі ретінде танымал.

Жоба Бурабайдың табиғи ландшафтына үйлесімді түрде кіріктірілетін модульдік инфрақұрылым құрылысын қарастырады. Болашақта бұл бастаманы Alatau City аумағына да кеңейту жоспарлануда. Network City қалашығында стартаптарға арналған білім беру бағдарламаларын, коворкингтерді, конференцияларды, хакатондар мен акселераторларды біріктіру көзделіп отыр.

Сонымен қатар, тараптар Қазақстанда Баладжи Шринивасан тағайындаған жүлде қоры бар AI Film Festival фестивалін, сондай-ақ, әлемдік технологиялық компаниялардың қатысуымен өтетін AI & Digital Bridge форумы аясында Network State Conference конференциясын өткізу мәселесін талқылады.

Бюджет қаражатынсыз жүзеге асатын жоба Баладжи Шринивасан Қазақстанның жасанды интеллект саласындағы әлеуеті жоғары екенін атап өтіп, елдің жаһандық технологиялық экожүйенің бір бөлігіне айнала алатынына сенім білдірді.

Олжас Бектеновтің айтуынша, Қазақстан халықаралық сараптаманы тартуға және әлемдік технологиялық қоғамдастықпен ынтымақтастықты дамытуға мүдделі.

«Адам капиталын, білімді, ғылым мен инновацияларды дамыту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарының бірі. Елдің дамуындағы жасанды интеллектің рөліне және азаматтардың дербес деректерін қорғауға ерекше назар аударылады», – деп атап өтті премьер-министр.

Айта кетейік, осыған дейін үндістандық туристік компаниялар Астана мен Бурабайға қызығушылық танытып отырғанын жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз