Қазақстандағы қытай банкі басшыларына қанша жалақы төлейді

Жарияланды
Business news бөлімінің редакторы
Қытай банкінің топ-менеджердері қанша жалақы алған / Фото: shutterstock

«Қазақстандағы Қытай Банкі» еншілес банкі 2025 жылы қаржы көрсеткіштерін жақсартқан. Есепті кезеңдегі таза пайда 26,07 млрд теңгені құрап, 2024 жылғы 22,72 млрд теңгемен салыстырғанда 14,8%-ға өсті.

Пайданың өсуіне пайыздық және операциялық кірістердің артуы әсер етті. Таза пайыздық кіріс 32,59 млрд теңгеге жетті (2024 жылы 25,58 млрд теңге болған). Таза комиссиялық кіріс 1,56 млрд теңге, ал шетел валютасымен жасалған операциялардан түскен таза кіріс 5,49 млрд теңгені құрады.

Корпоративтік табыс салығын төлегенге дейінгі пайда 35,96 млрд теңгені құрап, одан 9,89 млрд теңге салық төлеген.

Банктің жиынтық капиталы 2025 жылдың 31 желтоқсанында 128,20 млрд теңгеге жеткен (2024 жылдың соңында – 113,49 млрд теңге). Капиталдың негізгі бөлігін 118,80 млрд теңге көлеміндегі бөлшектелмеген пайда құрады.

Жарияланған дивидендтер сомасы 11,36 млрд теңгеге жетсе, тіркелген жарғылық капитал 5,49 млрд теңге деңгейінде сақталды. Банктің жиынтық міндеттемелері жыл ішінде 363,60 млрд теңгеден 451,63 млрд теңгеге дейін артты.

2025 жылы банк қызметкерлеріне жұмсалған жиынтық шығыстар 1,79 млрд теңгені құрады (2024 жылы осы мақсатта 1,56 млрд теңге жұмсаған). Есептеу әдісі бойынша төленген әкімшілік және қызметкерлер шығынының ішінде еңбекақы мен басшылықты қоса алғандағы төлемдер банктің жалпы әкімшілік шығыстарының негізгі бөлігін құрады. Соның ішінде топ-менеджерлеріне төленген қаржы 100 млн теңгеден асқан.

«Қазақстандағы Қытай Банкі» ЕБ АҚ-ның жалғыз акционері – Қытай Банкі. Қытай Банкі клиенттеріне Қытайдың барлық континенттік аймақтары, Гонконг, Макао, сонымен қатар 32 мемлекетте толық қаржылық қызметтер жиынтығын ұсынады.

«Қазақстандағы Қытай Банкі» 1993 жылы Астана қаласында тіркелген.

Бұған дейін ADCB ислам банкі топ-менеджерлеріне 460 млн теңге төлегені белгілі болған.

Сондай-ақ оқыңыз