Ұлыбритания премерь-министрі Бернхэмнің алғашқы қонағы – Зеленский

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
Украина президенті Владимир Зеленский
Владимир Зеленский мен үкімет мүшелері зымыран құлаған шіркеуде / фото: Украина президентінің баспасөз қызметі/REUTERS

Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі Энди Бернхэм 27 шілде күні Украина президенті Владимир Зеленскийді алғашқы шетелдік қонағы ретінде қабылдайды.

Энди Бернхэм жақында Кир Стармердің орнына келген. Экс-премьер өз еркімен биліктен кеткен.

Даунинг-стриттің хабарлауынша, Бернхэм мен Зеленский әскери теңіз базасында кездеседі. Ағылшындар украин жауынгерлерін дайындауға көмектесіп жүр.

«Ұлыбритания Украинамен иық тірестіріп тұр. Біздің қолдауымыз берік. Оған Ресейдің күмәні болмасын. Біз Украина үшін әділ бейбітшілікке жетпейінше кері шегінбейміз», – дейді Бернхем. Оның мәлімдемесін Reuters таратты.

Бернхэм баспасөз қызметінің дерегінше, Зеленский ағылшын базасындағы 200-ден астам украин жауынгерімен кездеседі. Олар үш апта бойы Ұлыбританияда Sea Breeze оқу-жаттығуына қатысқан.

Ағылшын үкіметінің мәліметінше, 2022 жылғы ақпанда Ресей Украина аумағына басып кіргелі бері Лондон Киевке 25 млрд фунт стерлинг (33,3 млрд доллар) қолдау көрсеткен.

Кир Стармер қызметтен кетер алдын Киевке барып, тағы 300 млн еуро (345 млн доллар) бөлуге уәде берген.

Bloomberg мәліметінше, Зеленский осы аптада АҚШ президенті Дональд Трамппен де кездеседі.

Сондай-ақ оқыңыз