Павлодардан Омбы, Новосібір және Ташкентке ұшатын рейстер ашылады

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Фото: airport_pavlodar

Павлодар әуежайы күзден бастап жаңа халықаралық бағыттарды қабылдай бастайды. Әуежайдың ұшу-қону жолағын қайта жаңарту жұмыстары аяқталғаннан кейін қыркүйек айында Қазақстан, Ресей және Өзбекстанды байланыстыратын транзиттік рейстерді ашу жоспарланып отыр.

Жаңа бағыттардың ашылатынын Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Омбы қаласында өткен Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығының XXI форумының пленарлық отырысында мәлімдеді. Жиынға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин қатысты.

Фото: gov.kz

Өңір басшысының айтуынша, әуежайды жаңғырту жұмыстары аяқталған соң қыркүйек айынан бастап екі бағыт бойынша халықаралық транзиттік рейстер іске қосылады:

  • Омбы – Павлодар – Ташкент;
  • Новосибирск – Павлодар – Ташкент.
Фото: gov.kz

Жаңа әуе бағыттары өңірдің көлік қолжетімділігін арттырып, іскерлік және туристік сапарларды жеңілдетеді. Сондай-ақ Қазақстан, Ресей және Өзбекстан арасындағы байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді.

Еске салсақ, 2025 жылғы сәуірде Павлодар әуежайы жөндеуге жабылған болатын. Сәуір айындағы мәліметке сәйкес, әуежайдағы құрылыс жұмыстарының «51%-ы орындалған. Атап айтқанда, ұшу-қону жолағы ұлғайтылып, ұзындығы 17,2 км болатын қоршау орнатылған. Жарықтандыру мен бейнебақылау жүйелерінорнату аяқталды. Бұған қоса, қажетті жабдықтардың бәрі сатып алынды.

Сондай-ақ оқыңыз