Экономика

Доллар қайта көтерілді: биржада 477 теңгеге жақындады

доллар қымбаттап барады / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Қазақстан қор биржасында доллардың қымбаттауы жалғасып жатыр. Соңғы деректер бойынша, америкалық валюта бесінші сауда күні қатарынан өсіп отыр.

23 шілде, бейсенбі күні доллардың биржадағы бағасы 470 теңге болған. Жұмада ол 474 теңгеге дейін көтерілсе, дүйсенбі күні 475 теңгеге жетті. Ал бүгін, 28 шілдеде, Астана уақытымен скриншот жасалған сәтте USD/KZT_TOM бойынша соңғы баға 476,87 теңгені көрсетті.

Осылайша, кешегі күнмен салыстырғанда доллар 1,87 теңгеге немесе 0,39%-ға қымбаттаған. Ал бейсенбідегі 470 теңгемен салыстырғанда өсім 6,87 теңге немесе 1,46% болды.

Бүгінгі сауда барысында доллардың ең төменгі бағасы 473,56 теңге, ал ең жоғарысы 477,44 теңге болды. Сату ұсынысы 476,89 теңгеге жетіп, сауда көлемі 137,1 млн доллардан асты.

Kurs.kz мәліметі бойынша, таңертең айырбастау пункттерінде доллар мына бағамен ұсынылған:

  • Алматыда — сатып алу 474 теңге, сату 476 теңге;
  • Астанада — сатып алу 474 теңге, сату 478 теңге;
  • Шымкентте — сатып алу 473 теңге, сату 476 теңге.