Павлодарда әйелдің басына мұз кесегі құлады: кінәлі 12 жасар қыз болып шықты

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің журналисі
Павлодарда әйелдің үстіне мұз кесегі құлады / Фото: ЖИ көмегімен жасалған

Павлодарда полицейлер арба сүйреген жас ананың басын жарған шулы оқиғаға кінәліні анықтады. Балконнан мұзды 12 жасар қыз бала абайсызда лақтырып жібергені белгілі болды.

Полиция департаментінің хабарлауынша, жасөспірім мұз кесегін сындырып алмақ болған, бірақ ол қолынан сусып кетіп, балконнан төмен құлаған. Оқиғадан кейін балалар қорқып кетіп, ересектерге ештеңе айтпаған. Кейінірек полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтады.

«Бала тәрбиелеудегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін кәмелетке толмаған баланың заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ата-аналары болған жағдайды толық мойындады», – деп атап өтті полиция.

Оқиға 8 шілдеде болғаны анықталды. Ол кезде куәгерлер мұз полиция қызметкерінің пәтерінен құлады деп болжаған еді. Өңірлік полиция бұған жауап ретінде оқиғаны тергеу ведомство басшысының жеке бақылауында екенін мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз