Семейде ер адам әйелін бейсбол таяғымен ұрып өлтірді

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
shutterstock, бильд-редактор: Адэлина Мамедова
shutterstock, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Қайтыс болған әйелдің туыстарының айтуынша, сәуір айында 52 жастағы әйел күйеуіне ажырасқысы келетінін айтқан.

Kriminal kazakhstan ақпаратына қарағанда, бірнеше күн өткен соң ер адам оның киімдері мен құжаттарын, сондай-ақ ортақ балаларының құжаттарын өртеп жіберген.

Кейін ол жұбайын аңдып жүріп, бейсбол таяғымен шамамен 28 рет соққы жасаған. Алған жарақаттары салдарынан әйел көз жұмды.

Марқұмның туыстары ер адамның көп жылдар бойы ішімдікке салынғанын, әйелін ұрып-соққанын және ол кетіп қалуды шешкеннен кейін де аңдығанын айтады.

Оқиғадан кейін күдікті қашып кеткен, алайда көп ұзамай ұсталып, қамауға алынды.

«Кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталды. Сот талқылауы 29 шілдеде басталады.

Алматы облысының Қарасай ауданында полиция қызметкерлері әйелін соққыға жыққан 31 жастағы жергілікті тұрғынды ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз