Lifestyle

Сүлеймен Сұлтан Қазақстанға келеді: Алматыда түрік актерімен кездесу өтеді

Сұлтан Сүлеймен / фото: ашық дереккөз

Аңызға айналған «Сұлтан Сүлеймен» сериалында басты рөлді сомдап, миллиондаған көрерменнің сүйіктісіне айналған әйгілі актер Халит Эргенч Қазақстанға келеді.

Түрік киножұлдызымен шығармашылық фан-кездесу 14 қыркүйекте сағат 19:00-де Алматы қаласындағы Республика Сарайында өтеді.

Актердің өзі де қазақстандық жанкүйерлеріне арнайы бейнеүндеу жолдап, қуанышын жасырмады:

«Сәлем, Қазақстан! 14 қыркүйек сағат 19:00-де Алматыдағы Республика сарайында кездесеміз. Тағатсыздана күтемін. Кедескенше!» – деді актер өз хабарламасында.

Кеште көрермендер Халит Эргенчпен ашық әңгімелесіп, актердің шығармашылық жолы мен қызықты сәттері туралы біле алады. Сондай-ақ, белгілі Symphosaz этно-симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен түрік сериалдарының сүйікті саундтректері шырқалады.

View on Threads

Билеттерді Ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады.

Оқи отырыңыз: Сұлтан Сүлеймен мен Хюррем 15 жылдан кейін жаңа жобада бас қоспақ