Димаш Құдайбергеннің «Aqerke» әні Жапония радиосының эфирінде шырқалады

Жарияланды 28 Шілде 2026 15:16

Азамат Серікхан

Азамат Серікхан

General news бөлімінің аға журналисі a.serikkhan@kursiv.media
Димаш Құдайберген әнші
фото: shutterstock

30 шілдеде Жапонияның Kiryu FM радиостанциясы Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған Music Forever бағдарламасының кезекті арнайы шығарылымын ұсынады.

Dimashnews.com порталының мәліметінше, бағдарлама аясында Димаш Құдайбергеннің орындауындағы «Aqerke» халық әнінің жаңа нұсқасы алғаш рет радио эфирінен беріледі.

Kiryu FM радиостанциясы жапон тыңдармандарын Димаш Құдайбергеннің шығармашылығымен 2020 жылдан бері таныстырып келеді.

Осы уақыт ішінде радиостанция эфирінде әйгілі әншінің барлық жаңа туындысы беріліп, оның шығармашылығына бірнеше рет арнайы бағдарламалар жасалды.

Фото: Dimashnews.com

«Кезекті Dimash Special арнайы шығарылымы Dimash Japan Fan Club жапон жанкүйерлер клубының өкілдерінің қатысуымен дайындалды. Бағдарлама аясында «Aqerke» әнімен қатар Love’s Not Over Yet, Kieli Meken, Love of Tired Swans, Daididau, Omir және Olimpico композициялары да эфирден орын алады», деп хабарлады Dimashnews.com порталы.

Еске сала кетейік, Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген 2026 жылдың қараша айында Латын Америкасы елдеріне ауқымды турмен барады. Музыканттың DiMENSIONS атты жаңа шоу-бағдарламасы Мексиканың төрт қаласында, сондай-ақ Колумбия мен Чилидің астаналарында өтеді.

Сондай-ақ оқыңыз