eBay тарақан жолдағаны үшін 50 млн доллар төлеуге келісті

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
ebay компаниясын жеңген жеңген Штайнерлер отбасы
Штайнерлер отбасы eBay компаниясымен соттасты / фото: REUTERS/Brian Snyder

eBay компаниясы америкалық бір отбасыға шамамен 50 млн доллар төлеуге келісті. Бірнеше жыл бұрын Дэвид және Ина Штайнер компанияның бұрынғы қызметкерлері қорқыту мақсатында тарақан, өрмекші жолдады деп сотқа жүгінген.

Штайнер отбасы электронда сауда нарығы туралы EcommerceBytes ақпараттық порталының негізін қалаған. Олар eBay туралы бірнеше репортаж жариялаған. 2021 жылы отбасы Бостондағы сотқа жүгініп, компания қысымына тап болғанын мәлімдеген.

Ина Штайнердің айтуынша, әуелі оларды әлеуметтік желілерде қорқытқан. Кейін оларға тірі тарақандар мен өрмекшілер, қайтыс болған адамның басына қоятын гүл, шошқаның қанға бөккен маскасын, тағы басқа да қорқынышты дүниелер жолдаған. Штайнерлер әуелі қорқыту-үркітудің артында кімдер тұрғанын білмегенін айтты.

«Кейінгі жиырма жылда өзім жазып жүрген компанияның репортаждарымызға кедергі келтіру үшін осындай әрекетке барады деп ойламадым», – дейді Ина. Оның сөздерін Bloomberg жариялады.

Сейсенбі күні eBay компаниясы Штайнерлерден кешірім сұрап, бұрынғы қызметкерлердің әрекетін айыптады. Тараптар келісіміне сәйкес, Штайгерлер отбасы 48,7 млн доллар көлемінде өтемақы алады. Соның 46,15 млн долларын eBay, қалғанын компанияның бұрынғы басшылары мен қызметкерлері төлейді.

Сондай-ақ оқыңыз