Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуі мұнай бағасын қайта көтерді

Жарияланды 29 Шілде 2026 09:44

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Business news бөлімінің аға журналисі nursultankaseke@gmail.com
Мұнай бағасы қайта қымбаттады / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

АҚШ пен Сауд Арабиясы Ирак аумағындағы Иранды қолдайтын қарулы топтардың нысандарына соққы жасады. Бұл оқиға Таяу Шығыстағы шиеленістің одан әрі күшеюі мүмкін деген алаңдаушылықты қайта арттырды.

Ақпаратқа сәйкес, әскери операция Иран АҚШ-тың аймақтағы нысандарына қарай баллистикалық зымырандар ұшырғаннан кейін жүргізілген. Америка әскері зымырандардың бір бөлігі әуе қорғаныс жүйелері арқылы ұсталғанын мәлімдеді.

Brent мұнай бағасы онлайн

Brent Crude Oil, USD/баррель. Дерек TradingView арқылы жаңарып тұрады.

Бұл жайттың нарыққа әсері бірден білінді. Brent маркалы мұнай бағасы шамамен 3,9%-ға қымбаттап, барреліне 87,39 долларға дейін көтерілді. Инвесторлар қақтығыс ушықса, Таяу Шығыстан мұнай тасымалдау қиындауы мүмкін деп қауіптеніп отыр.

Әлем назары тағы да Ормұз бұғазына ауды. Бұл тар су жолы арқылы жаһандық мұнай саудасының елеулі бөлігі өтеді. Сондықтан бұғаз маңындағы кез келген әскери қауіп мұнай бағасын ғана емес, доллар бағамын, инфляцияны және әлемдік қор нарықтарын да қозғалысқа түсіруі мүмкін.

Әзірге соққылардың ауқымы мен келтірілген шығын туралы толық ақпарат жарияланған жоқ. Дегенмен нарықтағы реакция инвесторлардың Таяу Шығыстағы жағдайды басты тәуекелдердің бірі ретінде бағалап отырғанын көрсетті.

Сондай-ақ оқыңыз