Lifestyle

Жүлде қоры – 7,5 млн теңге: ақындар арасында байқау жарияланды

Алматы туралы қазақ немесе орыс тіліндегі авторлық өлеңдер қабылданады/фото: Делия Айдаралиева

Алматыға арнап өлең жазғандар арасында республикалық байқау жарияланды. Қаланың мәдениет басқармасының хабарлауынша, «Шабыт берген Алматы!» поэзиялық шығармалар байқауына 18 жасқа толған қазақстандықтар қатыса алады. 

Байқауға Алматы туралы қазақ немесе орыс тіліндегі авторлық өлеңдер қабылданады. 

Әр қатысушы көлемі кемінде 5 шумақтан тұратын 2 өлеңге дейін ұсына алады.

Жұмыстар бұрын еш жерде жарияланбаған,, өзге әдеби байқауларда жүлде алмаған авторлық туынды болуға тиіс.

Жүлде қоры:

  • І орын – 3 000 000 теңге
  • ІІ орын – 2 000 000 теңге
  • ІІІ орын – 1 000 000 теңге
  • 5 ынталандыру сыйлығы – әрқайсысы 300 000 теңге.

«Байқау Алматы қаласының тарихи, мәдени және рухани келбетін, табиғи сұлулығы мен бүгінгі болмысын поэзия арқылы дәріптеуге бағытталған», – деп хабарлады басқарма.

Өтінімдер мен байқау материалдары 29 шілде мен 15 тамыз аралығында almatyshabyt@almatylibrary.kz электронды поштасы арқылы қабылданады.

Бұған дейін Мәдениет министрлігі «Қала хикаялары» жаңа республикалық әдеби байқауын жариялады. Проза жанрына арналған байқау қазіргі Қазақстан қалаларының тыныс-тіршілігін көркем шығармалар арқылы бейнелейтін жаңа есімдерді анықтап, қолдауға бағытталған.