Синоптиктер Қазақстанның 5 қаласында ауа ластанатынын ескертті

«Қазгидромет» мамандарының хабарлауынша, 29 шілдеде елдің төрт өңірінде ауа сапасы нашарлайды.
Синоптиктердің болжамынша, қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) Алматыда, ал түнгі уақытта Астана, Теміртау, Қарағанды және Қостанай қалаларында болуы мүмкін.
Ауа сапасы көбіне жел жылдамдығы, жауын-шашын, ылғалдылық және температура сияқты синоптикалық жағдайларға байланысты болады.
Қолайсыз метеожағдай кезінде тұрғындарға ашық ауада болу уақытын қысқартуға, әсіресе, автокөлік жолдары мен ластанған аймақтарға жақын болмауға кеңес беріледі. Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ уақыт серуендеуден бас тарту ұсынылады.
Созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары аурулары немесе аллергиясы бар адамдарға қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүруген жөн.
Сондай-ақ мамандар ашық ауада қатты физикалық күш түспеуге, мүмкіндігінше спорттық жаттығуларды жабық алаңдарда өткізуді ұсынады.
Еске салсақ, 29 шілдеде елдің басым бөлігінде ыстық және шаңды дауыл, солтүстік пен шығыста бұршақ жауады.